Қонаев қаласында балаларды құтқармақ болған төрт адам суға кетті

құтқару қызметі, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.06.2022 10:59 Сурет: pixabay
Қонаев қаласындағы Қапшағай су қоймасына төрт адам батып кетті. Олар шомылуға рұқсат етілмеген жерде суға түскен, деп хабарлайды Zakon.kz.

Толқын көтеріліп, екі ағайынды бала бата бастаған. Оларды ағасы, тәтесі және әжесі құтқаруға ұмтылған. Бірақ осы оқиғадан әжесі ғана аман қалды. Төтеншеліктер әзірге екі бала мен ер адамның денесін тапты, деп жазады qazaqstan.tv.

Айта кетейік, Конаевта 7 қалалық жағажай бар. Олар құтқару мұнараларымен жабдықталған, онда арнайы мамандар жұмыс істейді. Жалпы шаһарда 140-қа жуық жеке демалыс орыны бар.

Ал Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаменті азаматтардан арнайы орындарда ғана шомылуды, балаларды жағалауда қараусыз қалдырмауды ескертеді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: