Нұр-Сұлтан қаласында жолдардың кейбір бөліктері уақытша жабылады

Нұр-Сұлтан қаласы, жол жөндеу, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.06.2022 10:16 Сурет: Zakon.kz
3-6 маусым аралығында асфальтбетон жабынын төсеу бойынша жол жұмыстарын жүргізуге байланысты Уәлиханов көшесінен №2 жол өтпесі бойымен көлік құралдарының қозғалысы жартылай жабылады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Айманов көшесі жағынан Бөгенбай батыр даңғылы бойынша қозғалыс кезінде көлік ағындары тиісті жол белгілері мен көрінетін қоршауларды орналастырып, қарсы бағыттағы жол жағына бөлінеді. Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі

Ведомство өкілдері елорда тұрғындары мен қонақтарын өздерінің жүру маршрутын алдын ала жоспарлап, жол жұмыстары жүргізіліп жатқан учаскелерде барынша мұқият болуды сұрады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: