Еліміздің басым бөлігінде найзағай ойнап, нөсер жаңбыр жауады, дауыл тұрады
Нұр-Сұлтанда күндіз найзағай ойнайды деп күтіледі. Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, күндізгі екпіні 15-20 м/с жетеді.
Күндіз Ақмола облысының орталығында, шығысында нөсер жаңбыр жауады. Күндіз оңтүстікте, шығыста, облыс орталығында найзағай ойнайды, бұршақ түседі деп күтіледі. Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, күндіз облыстың басым бөлігіндегі екпіні 15-20 м/с жетеді.
Түркістан облысының тауларында найзағай ойнайды, дауыл тұрады деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде шаңды дауыл болады. Солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында 15-20 м/с жетеді.
Күндіз Павлодар облысының оңтүстігінде күн күркіреп, бұршақ түседі деп күтіледі. Солтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.
Күндіз Ақтөбе облысының солтүстігінде найзағай ойнайды деп күтіледі. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде найзағай ойнап, соққан желдің екпіні 18 м/с жетеді.
Күндіз Алматы облысының оңтүстігінде және таулы аудандарында нөсер жаңбыр жауып, бұршақ түседі, дауыл тұрады деп күтіледі. Облыстың көп бөлігінде күн күркіреп, найзағай ойнайды. Батыстан жел соғады, шығыста және облыстың таулы аймақтарында соққан желдің екпіні 15-20, кей жерде 23-28 м/с жетеді. Талдықорғанда күндіз күн күркіреп, найзағай ойнайды.
Қызылорда облысының орталығында солтүстіктен, солтүстік-батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. Қызылордада төтенше өрт қаупі сақталады.
Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында жауын-шашын, бұршақ түседі, найзағай ойнайды, дауыл тұрады деп күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз солтүстікте, шығыста, облыс орталығында соққан желдің екіпіні 15-20, кей жерде 25 м/с жетеді.
Қостанай облысының шығысында найзағай жарқылдап, бұршақ түседі, дауыл тұрады деп күтіледі. Солтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ойса жел соғады, түнде солтүстікте, күндіз облыстың басым бөлігінде желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Солтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-шығысқа ойысады, күндізгі екпіні 15-20 м/с жетеді.
Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-батысында найзағай ойнайды деп күтіледі. Солтүстіктен, солтүстік-батыстан, оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.
Жамбыл облысының таулы аудандарында нөсер жаңбыр жауады. Түнде облыстың оңтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында найзағай ойнап, бұршақ түседі, дауыл тұрады деп күтіледі. Оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ойса жел соғады, күн күркіреген кезде екпіні 15-20 м/с жетеді.