"Найзағай ойнап, жаңбыр жауады". Еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

Найзағай, ауа райы болжамы, 18 маусым, дауылды ескерту, Қазақстан, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.06.2026 21:48 Сурет: pexels
Қазақстанның 16 облысында 18 маусымда дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Zakon.kz "Қазгидромет" РМК-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Күндіз Қызылорда облысының орталығында, оңтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, дауыл тұрады деп күтіледі. Күндіз облыстың орталығында солтүстік-батыстан, солтүстіктен соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Күндіз облыс бойынша 40 градус қатты ыстық болып, төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылордада 18 маусымда күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Күндіз Жетісу облысының таулы аудандарында өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, Алакөл көлдері аудандарындағы екпіні - 15-20 м/с. Күндіз 35-37 градус қатты ыстық болып, облыстың орталығында, оңтүстігінде жоғары өрт каупі, облыстың шығысында, батысында төтенше өрт қаупі сақталады. Талдықорғанда 18 маусымда жоғары өрт қаупі сақталады.

Түнде Ақтөбе облысының солтүстігінде, орталығында, күндіз облыстың солтүстік-шығысында, шығысында, оңтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстігінде 37 градус қатты ыстық болады деп күтіледі.

Күндіз Алматы облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, тау бөктеріндегі, таулы аудандарында өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, тау бөктеріндегі, таулы аудандарында солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Күндіз 35-38 градус қатты ыстық болып, облыстың оңтүстігінде, батысында жоғары өрт қаупі, облыстың солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Алматыда 18 маусымда күндіз аздап жаңбыр жауады, найзағай ойнайды деп күтіледі. Жоғары өрт қаупі сақталады. Қонаевта 18 маусымда күндіз аздап жаңбыр жауады, найзағай ойнайды деп күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, кей уақыттағы екпіні - 18 м/с. Күндіз 35 градус қатты ыстық болады деп күтіледі.

Күндіз Атырау облысының батысында аздап жаңбыр жауады, найзағай ойнайды деп күтіледі. Күндіз 35-36 градус қатты ыстық болып, облыс бойынша жоғары өрт қаупі сақталады. Атырауда 18 маусымда жоғары өрт қаупі сақталады.

Түнде Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, солтүстігінде аздап жаңбыр жауады, найзағай ойнайды деп күтіледі. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде солтүстік-шығыстан, шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Күндіз облыстың оңтүстігінде 35-37 градус қатты ыстық болып, облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі, ал облыстың батысында, шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Қарағандыда 18 маусымда таңертең және күндіз аздап жаңбыр жауады, найзағай ойнайды деп күтіледі.

Түнде Ұлытау облысының оңтүстігінде, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, орталығында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Күндіз 35-37 градус қатты ыстық болып, облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі, облыстың шығысында төтенше өрт қаупі күтіледі. Жезқазғанда 18 маусымда таңертең және күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндізгі екпіні - 15-20 м/с. Күндіз 35-37 градус қатты ыстық болатыны болжанады.

Таңертең және күндіз Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстік-шығысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түседі, дауыл тұрады деп күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман болатыны болжанады. Күндіз облыстың батысында, шығысында, оңтүстігінде солүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15 м/с құрайды. Күндіз облыстың оңтүстігінде 35 градус қатты ыстық болып, облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстік-батысында төтенше өрт қаупі сақталады. Қостанайда 18 маусымда таңертең және күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп күтіледі.

Түнде Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, ал облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде бұршақ түседі, дауыл  тұрады деп күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман болатыны болжанады. Күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында оңтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Петропавлда 18 маусымда жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз бұршақ түседі, ал түнде және таңертең тұман болады деп күтіледі.

Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі, облыстың қиыр батысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Түнде Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түседі деп күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Күндіз облыс бойынша 35 градус қатты ыстық болып, жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстігінде, орталығында, солтүстік-батысында төтенше өрт қаупі күтіледі. Өскеменде 18 маусымда төтенше өрт қаупі күтіледі.

Түнде Абай облысының оңтүстігінде, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түседі деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Күндіз облыс бойынша 35-36 градус қатты ыстық болып, облыстың батысында, солтүстік-шығысында, шығысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Семейде 18 маусымда солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, күндізгі екпіні - 15-18 м/с.

Павлодар облысының солтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Астанада 18 маусымда кей уақыттарда жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз бұршақ түседі деп күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндізгі екпіні - 15-18 м/с.

Түркістан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында солтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады. Шымкентте  18 маусымда өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп күтіледі. Солтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ойыса жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады. Түркістанда 18 маусымда өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп күтіледі. Солтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Түнде Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түседі, ал түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман болады деп күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Күндіз 35 градус қатты ыстық болып, облыстың орталығында жоғары өрт қаупі, облыстың шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Көкшетауда 18 маусымда таңертең және күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп күтіледі.

Жамбыл облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп күтіледі. Түнде облыстың таулы аудандарында, күндіз облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі, облыстың батысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Таразда 18 маусымда күндіз өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Бұған дейін "Қазгидромет" РМК мамандары 2026 жылғы 18-20 маусым аралығында Астана, Алматы және Шымкент қалаларында ауа райы қандай болатынын айтқан болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: