Референдум 2022: Алматының қарт тұрғындары үйлерінен шықпай-ақ дауыс бере алды
Сурет: referendum2022_kz
Алматы тұрғындары ел Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі республикалық референдумда дауыс беру үдерісінде жоғары белсенділік танытып отыр, деп хабарлайды Zakon.kz.
Референдумға 18 жастан асқан кез келген адам қатысуға құқылы. Бірақ сайлау учаскесіне келуге әркімнің мүмкіндігі бола бермейді, сондықтан зейнеткерлер мен мүгедектер үйлерінде дауыс береді.
Бостандық ауданы бойынша сайлау комиссиясының аумақтық штабына «Сайлау учаскесіне жете алмасам да, таңдау жасағым келеді» деген мазмұндағы 114 өтініш түсті. Әсіресе, осындай жандар үшін мобильді топтар құрылған.
Оқи отырыңыз
Астанада көпқабатты тұрғын үйде өрт шықты
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript