Аптап ыстық, бұршақ, дауыл, нөсер жаңбыр. 6 маусымға арналған ауа райы болжамы
Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады: найзағай ойнап, бұршақ түседі, дауыл тұрады, батыста қатты жаңбыр жауады. Еліміздің солтүстігінде, оңтүстік-батысында ғана жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республикамыз бойынша желдің күшеюі тіркелді, солтүстікте, шығыста тұман түседі, оңтүстік-батыста шаңды дауыл болады деп күтіледі. "Қазгидромет" РМК
Түнде Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында, шығысында найзағай жарқылдап, тұман түседі, өңірдің оңтүстік-батысында, оңтүстігінде соққан желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.
Алматы облысының шығысында 15-20, кей жерде 25 м/с жылдамдықпен жел соғады, күндіз таулы аудандарда найзағай ойнайды.
Қостанай облысының батысы мен оңтүстігінде найзағай ойнап, күндіз шығыста соққан желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.
Ақмола облысының оңтүстігінде, батысында найзағай жарқылдайды, түнде және таңертең өңірдің солтүстігінде тұман түседі, күндіз батыс жағында соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.
Жамбыл облысының солтүстік-шығысында, таулы аудандарында жел екпіні 15-20 м/с күшейеді, күндіз таулы аудандарда найзағай ойнап, бұршақ түседі, дауыл тұрады деп күтіледі.
Күндіз Түркістан облысының тауларында найзағай ойнап, жел екпіні 15-20 м/с күшейеді.
Түнде Павлодар облысының солтүстігінде тұман түседі.
Күндіз Маңғыстау облысының солтүстігінде, орталығында найзағай жарқылдап, шаңды дауыл тұрады, солтүстікте, оңтүстікте, орталықта күндіз соққан желдің екпіні 17-22, кей тұста 25 м/с құрайды.
Түнде Ақтөбе облысының солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай ойнап, жел екпіні 15 м/с күшейеді.
Қарағанды облысының шығысында, орталығында найзағай ойнап, жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады.
Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, солтүстік-батысында, орталығында найзағай ойнап, бұршақ түседі, дауыл тұрады, күндіз оңтүстікте, солтүстік-батыста, шығыста, орталықта соққан желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.
Күндіз Атырау облысының оңтүстігінде, орталығында найзағай жарқылдап, дауыл тұрады, жел екпіні 15-20 м/с құрайды.
Түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде тұман түседі.
Сондай-ақ, синоптиктер мынаны хабарлайды:
күндіз Атырау, Ақтөбе облыстарының оңтүстігінде қатты ыстық күтіледі;
Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, солтүстігінде, Ақтөбе өңірінің орталығында, Павлодар облысының орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.