Жаңалықтар тізбегі
0

Ресей Федерациясынан келген бақылаушы референдум туралы не деді

Қазақстан, Референдум Сурет: Zakon.kz
Әртүрлі деңгейдегі комиссияның барлық мүшелері Қазақстандағы референдумды өткізуге аса жауапкершілікпен дайындалған. Бұл туралы брифингте Ресей Орталық сайлау комиссиясының өкілі Эльмира Хаймурзина мәлім етті, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.
Мен үшін бұл зор мәртебе әрі жауапкершілік. Мен осында туып-өстім, Солтүстік Қазақстан облысында өстім, кейін Ресейге кеттім. Бізде өте белсенді күн болды. Олар барлығы 30-дан астам сайлау учаскесін араладық. Алған әсерлерім туралы айтатын болсақ, әртүрлі деңгейдегі комиссия мүшелерінің барлығы дайындыққа өте жауапкершілікпен қарағаны анық. Өте кәсіби және аса жауаптылық танытып жатыр. Әрқайсысында 4000-4500 сайлаушы бар сайлау учаскелері бар, дегенмен халыққа база бойынша сайлау учаскелерін белгілеуге көмектесіп жатыр әрі мұның бәрі швейцариялық сағат сияқты жұмыс істеп тұр.Ресей Федерациясы ОСК өкілі Эльмира Хаймурзина

Оның айтуынша, сайлау учаскелерінде халықтың белсенділігі жоғары,көтеріңкі көңіл-күй орнап, халық ел болашағы үшін өте маңызды іргетастардың қаланып жатқанын жақсы түсінеді.

Ол мұндай белсенділік таңертеңнен басталғанын, сайлау учаскелеріне ата-әжелер кішкентай немерелерін ертіп келгенін айтты.

Балалар өскенде мына суреттерді көрсетеді деп ойлаймын. Мен QR кодтары бар плакаттарды көрдім, бұл – сайлаушы сайлау учаскесін көріп, навигацияны білуге арналған құрал. Ресей Федерациясы ОСК өкілі Эльмира Хаймурзина
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: