Жаңалықтар тізбегі
0

Қырғызстандық бақылаушы қазақстандықтардың референдумдағы белсенділігін атап өтті

референдум, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.06.2022 11:03 Сурет: gov.kz
Конституцияға өзгерістер мен түзетулер еңгізілетіндіктен халықтың белсенділігі байқалады. Себебі қалың көпшілік болашағының айқын әрі жарқын болғанын қалайды. Бұл туралы брифинг барысында Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Әбдіжаппар Бекматов мәлім етті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Маңызды саяси оқиға басталды. Қазақстан азаматтары үшін де, ел үшін де бұл өте үлкен оқиға. Сайлау комиссияларының, мемлекеттік органдардың референдумға дайындық бойынша жұмысы ел тұрғындарын ақпараттандыруда біршама жұмыстар атқарылды. Қырғызстан ОСК мүшесі Абдыжапар Бекматов

Ол комиссия Нұр-Сұлтан қаласындағы бірнеше сайлау учаскелерін аралап шыққанын, дауыс беру үшін барлық жағдай жасалғанын, қатысушылардың белсенділігі жоғары екенін айтты.

Бекматовтың айтуынша, белсенділік Негізгі заңға өзгерістер енгізіліп жатқандықтан, ел халқының өз болашағын айқындауымен түсіндіріледі.

Олар жауапкершілікті сезінеді, тұрғындар бұл референдумға қатысуға мүдделі. Бізден бар болғаны 15 байқаушы бар, біздің өкілдер Нұр-Сұлтан, Алматы, Жамбыл және Алматы облыстарында орналасқан. Қырғызстан ОСК мүшесі Абдыжапар Бекматов

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 5 мамырда еліміздің Негізгі заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша референдум өткізу туралы жарлыққа қол қойды. Қазақстандықтар түзетулерге «мақұл» немесе «қарсы» дауыс береді. Референдумда 11,7 миллионнан астам Қазақстан азаматы дауыс бере алады.

Қазақстанда барлығы 10 мыңнан астам сайлау учаскелері құрылды. Шетелдегі сайлау учаскелері әлемнің 52 елінде ашық.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: