Қазақстанда пластик бөтелкелер мен қалдықтарды экспорттауға тыйым салынады
Сурет: unsplash
ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі 2022 жылғы 27 мамырдағы «Полиэтилентерефталат қалдықтарының экспортын реттеудің кейбір мәселелері туралы» бұйрыққа қол қойды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Атап айтқанда:
бөтелкелерді және сыйымдылығы 2 литрден аспайтын ұқсас өнімдерді;
басқа бөтелкелер, колбалар және сыйымдылығы 2 литрден асатын ұқсас бұйымдарды;
пропилен полимерлерінің пластмассаларының қалдықтары, кесінділері және сынықтарын Қазақстан аумағынан әкетуге алты ай мерзімге тыйым салынады.
Осыған байланысты ҚР Сауда және интеграция министрлігіне Еуразиялық экономикалық комиссияны аталған тыйымның енгізілгені туралы хабардар ету тапсырылды.
Бұйрық 2022 жылғы 14 маусымда күшіне енеді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript