Алматылықтарға жол уақытша жабылатыны туралы ескертілді

Алматы, қала көрінісі, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.06.2022 15:51 Сурет: Zakon.kz/Максим Золотухин
Қаладағы жөндеу жұмыстарына байланысты Алматы әкімдігі жүргізушілерден жүру бағытын қадағалап, қарап отыруды сұрады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ведомствоның мәліметінше, ескі жабынның алынуына байланысты Саин – Шаляпин жол айрығының оңтүстік-батыс шығысы 6 маусымда сағат 8:00-ден 19:00-ге дейін жартылай жабылады.

Жаңа асфальтбетон жабындысын төсеу үшін Саин-Шаляпин жол айрығының батыс бөлігі 6 маусым сағат 22:00-ден 7 маусым сағат 06:00-ге дейін ішінара және 7 маусым сағат 22:00-ден 8 маусым сағат 06:00-ге дейін асфальттың үстіңгі қабатын төсеу үшін толығымен жабылады.Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі

Сурет: скриншот

Қалалық әкімдікте нақтыланғандай, мұндай жұмыстар жолды орташа жөндеу аясында жоспарланған.

Сонымен қатар қаладағы жылу желілерін қайта жаңғыртуға байланысты кейбір автобустардың бағыты өзгереді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: