iOS16 операциялық жүйесіне қазақ тілі қосылды

Apple, iOS16, қазақ тілі, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.06.2022 16:16 Сурет: pxhere
iOS16 операциялық жүйесіне автотүзету функциясымен қазақ тілі қосылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы Instagram желісінде ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин мәлімдеді.

Бүгін Apple әлем күткен жаңашылдықты жария етті. Біздің ел үшін бұл презентация аса маңызды, себебі жаңа iOS16 операциялық жүйесіне қазақ тілі қосылды, автотүзету функциясымен.ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин

Министр бұл қазақтілді қолданушылар санының артып жатқанын көрсететінін атап өтті.

2019 жылы ресми тізімге енгізілсе, енді жасанды интеллекттің автоматты түрде түзететін функцияларымен іске қосылды. Бұл – қазақтілді қолданушылар саны артып, ана тілімізді әлем мойындап жатыр деген сөз.ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: