Жаңалықтар тізбегі
0

Павлодар облысындағыларға қазақ тілі үйретіліп жүр

ernur.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.10.2021 21:55 ernur.kz
Жалпы облыс бойынша 2021 жылдың басынан бүгінгі күнге дейін (9 ай бойынша) 4159 адам қазақ тіліне оқытылды.

Қала, аудан мәдениет, тілдерді дамыту және ішкі саясат бөлімдері мамандарының қатысуымен ZOOM платформасы арқылы ақпараттық сағат өтті.

Рavlodarnews.kz хабарлауынша, облыстық тілдерді дамыту, мәдениет және архив ісі басқармасының мәліметінше, шараның күн тәртібіне сәйкес өңіріміздегі тіл саясатының жүзеге асырылуы, әрбір мекемедегі көрнекі ақпараттардың сауатты орналасуы, халыққа сапалы қызмет көрсету мәселесі және алда тұрған мақсат-міндеттер талқыланды.

Сонымен қатар мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыру және қазақ тілінің әліпбиін латын графикасына кезең-кезеңімен көшіру бойынша қойылған сауалдарға бағыт-бағдар берілді.

Қазақ тілін дамытуға және тілдік мәдениетті қалыптастыруға негіз болатын тіл саясатын іске асырудағы маңызды салалардың бірі – оқыту. Аталмыш мемлекеттік бағдарлама шеңберінде 2021 жылдары барлық санаттағы азаматтарға қазақ тілін тегін оқыту курстары ұйымдастырылды. Жалпы облыс бойынша 2021 жылдың басынан бүгінгі күнге дейін (9 ай бойынша) 4159 адам қазақ тіліне оқытылды. Биылғы жылы қолжетімді қазақ тілі жобасы аясында көпшілік орындарда "QR-Қазақ тілі" кодтары орнатылды. Жоба арқылы қазақ тілін үйренуге ниет білдірген облыс тұрғындары жаңа форматта мемлекеттік тілді тегін оқып, меңгеруге мүмкіндік алады. Бұған қоса, қазақ тілін үйрену үшін «Ana tili» мобильдік қосымшасы қолданылуда, - дейді басқармада.

Сонымен қатар облыс бойынша мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының бастамасымен 1-30 қыркүйек аралығы тілдер айлығы деп жарияланды.

Жалпы айлық шеңберінде облыстың қалалары мен аудандарында өңірімізде тұратын халықтың мәдениетін, тарихын және тұрмысын насихаттайтын 200-ден астам түрлі деңгейдегі іс-шаралар ұйымдастырылып, бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланды.

Аталған бағыттағы жұмыстар жалғасын табуда.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: