Қазақстанда электр энергиясы қымбаттады
Сурет: Zakon.kz
Бір жылда Қазақстанда электр энергиясының тарифтері бір жылда 9 пайызға дерлік өсті. Ал өндірісі сәл төмендеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Energyprom.kz сайтында атап өтілгендей, электр энергиясының бағасы үшінші жыл қатарынан өсіп келеді.
Сарапшылардың бағалауынша, 2022 жылғы мамырға қарай бағаның өсуі бірден 8,7% болса, бір жыл бұрын – 7% болған еді.
Электр плиталарын пайдаланатын тұрғындар үшін тарифтер тұтыну көлеміне байланысты 2022 жылғы мамыр айында 1-деңгейдегі 100 кВт/сағ үшін 1456 теңге, 2-деңгейдегі 1891 теңге, 3-деңгейдегі 2354 теңге болды. Электр плиталарын пайдаланбайтын тұрғындар үшін тарифтер 100 кВт/сағ үшін сәйкесінше 1479 теңге, 1907 теңге және 2376 теңгеге өсті, делінген хабарламада.
Сондай-ақ басылым осы жылдың қаңтар-сәуір айларында электр қуатын өндіру 40 млрд кВт/сағ болғанын, бұл 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 0,4%-ға аз екенін жазды.
Электр энергиясын тұтыну бір жылда 1,3%-ға өсіп, 2022 жылғы қаңтар-наурызда 30,4 млрд кВт/сағ болды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript