Қазақстанда биткоин өндірушілер үшін электр энергиясы тарифін арттыру ұсынылды
pixabay.com
Электр энергиясының өте үлкен мөлшерде тұтынатын олар Қазақстанға ешқандай пайда әкелмейді, керісінше шетелдегі табысын арттырып жатыр, деп атап өтті депутат.
ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Жамбыл Ахметбеков биткоин өндіретін майнинг фермалар үшін электр энергиясының тарифін өсіруді сұрады. Бұл талабын ол ҚР Премьер-министрінің орынбасары Роман Склярға жолдаған депутаттық сауалында айтты, деп хабарлайды zakon.kz тілшісі.
Ахметбековтың айтуынша, Қазақстанға шетелдік майнерлердің келуі электр энергиясының тұтынысына айтарлықтай әсер етуде.
Электр энергиясының өте үлкен мөлшерде тұтынатын олар Қазақстанға ешқандай пайда әкелмейді, керісінше шетелдегі табысын арттырып жатыр, деп атап өтті депутат.
Ол Қазақстанда майнинг ферма ұстаушыларды есепке алу үшін заңнамалық реестр құруды және олар үшін электр энергиясының арнайы көтермеленген тарифін енгізуді ұсынды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript