Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстанға атом электр стансасы керек – Тоқаев

Ақорда, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.09.2021 20:00 Ақорда
1 қыркүйекте Президент өз Жолдауында 2030 жылға қарай елімізде электр энергиясының тапшылығы орын алатынын атап өтті.

Мемлекет басшысы Шығыс экономикалық форумында сөйлеген сөзінде Қазақстанда АЭС салу жайына тоқталды, деп хабарлайды zakon.kz тілшісі.

Өз жолдауымда Қазақстанда атом энергиясын құру мүмкіндігін жан-жақты зерттеуді тапсырдым. Мемлекеттің, оның ішінде азаматтар мен кәсіпкерлердің шұғыл қажеттіліктерін жеткілікті деңгейде ескеру маңызды. Менің ойымша, бұл мәселені егжей-тегжейлі қарастыратын уақыт жетті, себебі Қазақстанға АЭС керек, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Айта кетсек, Қазақстанда АЭС салу мәселесі бірнеше рет көтерілген.

1 қыркүйекте Президент өз Жолдауында 2030 жылға қарай елімізде электр энергиясының тапшылығы орын алатынын атап өтті. Сондықтан ол үкіметке және "Самұрық-Қазына" ұлттық холдингіне бір жыл ішінде Қазақстанда қауіпсіз және экологиялық таза атом энергиясын дамыту мүмкіндігін зерттеуді тапсырды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: