Алтын-Емел ұлттық паркінде қаптап кеткен долана көбелектері видеоға түсіп қалды

Әлеуметтік желі, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.06.2022 22:32 Сурет: pexels
Алматы облысындағы «Алтын-Емел» ұлттық паркіндегі тау шатқалдарында долана көбелегі қаптап кетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл жайттың видеосы «Алтын – Емел» табиғи паркінің Instagram -дағы парақшасында жарияланды.

Көбелектер гүлдердің шырындарымен және жердегі ылғал тамшыларымен қоректенеді. «Алтын – Емел» табиғи паркі

Ұлттық парк мәліметінше, долана көбелегі – ақкөбелек тұқымдасына жататын зиянды жәндік. Көбінесе жеміс ағаштарын зақымдайды.

Жақында көбелектер жұмыртқа салады, одан шыққан жұлдызқұрттар ұлттық парктегі алма, өрік, долана, алмұрт, итмұрын сияқты өсімдіктердің жапырақтарын жейді. «Алтын – Емел» табиғи паркі

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: