Жаңалықтар тізбегі
0

Павлодар қаласында бірқатар көшенің атауы өзгереді

Көше атаулары Сурет: Павлодар қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Павлодар облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының мәлімдеуінше, 2021 жылдың 3 сәуірінде Павлодар қаласының кейбір көшелерін қайта атау мәселесі бойынша Павлодар қалалық мәслихатының тұрақты комиссиясымен көпшілік тыңдау өткізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Көпшілік тыңдауға ұсынылған  30 көшенің 23-і талқылау кезінде жергілікті тұрғындар тарапынан оң қорытындыға ие болған, делінген Pavlodarnews.kz хабарламасында.

Көпшілік тыңдауға ұсынылған 30 көшенің 23-і талқылау кезінде жергілікті тұрғындар тарапынан оң қорытындыға ие болды.  2021 жылдың 23 сәуірінде ҚР Үкіметі жанындағы Республикалық ономастика комиссиясының отырысында қаралған 23 көшенің 17-не оң қорытынды берілді. Жергілікті тұрғындарға насихаттау жұмыстарын жүргізу қажеттілігіне байланысты бес көше өтпеді. Олар Ермаков көшесі, Теплов көшесі, Циолковский көшесі, Набережная көшесі, Р. Люксембург көшесі, Молодежная көшесі, - делінген хабарламада.

2021 жылдың мамыр айынан қайта атау жұмыстарына жарияланған мораторийге сәйкес ҚР Үкіметі жанындағы Республикалық ономастика комиссиясында қолдау тапқан көшелерді қайта атау жұмыстары тоқтатылған болатын. 

Бүгінгі күні ономастика саласындағы заңнамалық актілерге сәйкес көше атауларын өзгерту бойынша басталған жұмыс қайта жандандырылды.

Сонымен жаңа атау алатын көшелердің тізімі мынандай:

1. Мира - Олжабай батыр көшесі;

2. Урицкий - генерал Смағұлов көшесі;

3. 1-я Южная - Бірлік көшесі;

4. 2-я Южная - Кәукен Кенжетаев көшесі;

5. Парковая - Мұқағали Мақатаев көшесі;

6. Донецкая - Мағжан Жұмабаев көшесі;

7. Кубанская - Қалмұқан Исабай көшесі;

8. Совхозная - Рафик Нұртазин көшесі;

9. Таганрогская - Қазанғап би көшесі;

10. Ангарская - Нағымбек Нұрмұхаммедов көшесі;

11. Читинская - Аманжол Шәмкенов көшесі;

12. Декабристер - Қамар Қасымов көшесі;

13. Юннатов - Дихан Әбілев көшесі;

14. 1-ая Советов, 2-ая Советов - генерал Бәкіров көшесі;

15. Зыряновская - Қабдыкәрім Ыдырысов көшесі;

16. Саянская - Алма Әжібаев көшесі;

17. Лесная ағайынды Дүйсембиновтер көшесі болып өзгереді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз