Жаңалықтар тізбегі
0

Астанада бірқатар көшенің атауы өзгертіледі

Астана, көше атауы, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.08.2023 19:08 Сурет: pixabay
Елорда әкімдігі мен қалалық мәслихаттың "Астана қаласының кейбір құрамдас бөліктеріне атаулар беру және қайта атау туралы" бірлескен құжаты дайын болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Атап айтқанда, мына көшелердің атауы өзгертілетін болады:

"Алматы", "Байқоңыр" аудандары бойынша

  • әл-Фараби даңғылы - Ақжол даңғылы;
  • Нәзір Төреқұлұлы көшесі - Айбас көшесі;
  • Гейдар Әлиев көшесі Мұзафар Әлімбаев көшесі болып өзгереді.

"Есіл" ауданы бойынша

  • Сәбит Мұқанов көшесі Шұбартау көшесі болады.

Сонымен қатар жаңа көшелерге мынандай атаулар беріледі:

"Алматы" ауданы бойынша

  • жобалық атауы А30 көшеге – Оралхан Бөкей көшесі;
  • жобалық атауы А40 көшеге – Сырбай Мәуленов көшесі;
  • жобалық атауы А564 көшеге – Әмен Қайдаров көшесі;
  • жобалық атауы № 101 көшеге – Бұйрат көшесі;
  • жобалық атауы А139 көшеге – Ақтекше көшесі;
  • жобалық атауы А184 көшеге – Кендірлі көшесі;
  • жобалық атауы А185 көшеге – Кеңсаз көшесі;
  • жобалық атауы А187 көшеге – Қарашығанақ көшесі;
  • жобалық атауы А206 көшеге – Қимасар көшесі;
  • жобалық атауы А207 көшеге – Қойтас көшесі;
  • жобалық атауы А208 көшеге – Тасөткел көшесі;
  • жобалық атауы А344 көшеге – Маймекен көшесі; 


"Байқоңыр" ауданы бойынша

  • Егемен Қазақстан газеті көшесінің бойында орналасқан атаусыз саябаққа "Журналистер саябағы"; 

"Есіл" ауданы бойынша

  • жобалық атауы № 28/1 көшеге – Анадолу көшесі; 
  • жобалық атауы№ 29/1 көше мен Түркістан көшесінен басталып, Ұлы Дала даңғылында аяқталатын атаусыз көшеге – Нұрлан Балғымбаев көшесі;

"Нұра" ауданы бойынша

  • жобалық атауы Е108 көшеге – Шандор Петөфи көшесі; 
  • жобалық атауы Е13 көшеге – Нәзір Төреқұлұлы көшесі; 
  • жобалық атауы Е29 көшеге – Тәттімбет көшесі; 
  • жобалық атауы Е33 көшеге – Қорқыт ата көшесі деп атау берілсін. 

Құжат 7 қыркүйекке дейін қоғамдық талқы үшін Ашық НҚА сайтына орналастырылған.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: