Алматыда заңсыз карьер жабылды

Карьер жұмысы тоқтады, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.06.2022 17:39 Сурет: pixabay
Наурызбай ауданының тұрғындары Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевқа карьер жұмысына қатысты түйткілді мәселелерді шешуді сұрап өтініш білдірген соң, тексеру жүргізілді. Нәтижесінде заңсыз карьер жабылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қала әкімдігінің хабарлауынша, тексеру нәтижесінде Алматы қаласы мен Алматы облысы Қарасай ауданының әкімдіктері санитарлық-қорғау аймағын елемей, карьерден тиісті шегініссіз арақашықтығы 500 м кем емес карьерді игеруге жер бергені анықталды.

Ведомствода қолданыстағы заңнама талаптарын бұзу фактілері расталғанын түсіндірді.

Наурызбай өңірімен шекаралас жерде карьерді игерумен үш фирма айналысты. Қазіргі таңда екі кәсіпорынның жұмысы тоқтап, жою сатысында тұр. Үшінші компания бойынша жұмыс тоқтатылды. Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі

Осыған дейін, 16 мамырда Ерболат Досаевпен кездесуде Наурызбай ауданының тұрғындары Алматы облысы Қарасай ауданындағы карьер иелеріне тұрғын үйлерге жақын орналасуына, үнемі шу мен шаңға ұшырауына байланысты шара қолдануды сұраған болатын.

Олар карьердегі жұмыстың тәулік бойы жүріп жатқанын атап өтті.

Карьер Қарасай өңіріне қарайды, бірақ біз Наурызбай өңірінде тұрамыз. Карьер мен тұрғын үйлердің арасы 10-15 метр, дейді аудан тұрғындары.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: