Мамандар жылдың сұранысы жоғары мамандықтарын атады
Сурет: pexels
Сату жөніндегі менеджер мамандығы бірнеше жыл қатарынан Қазақстандағы жетекші орынды алып келеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қазақстандағы және ТМД елдеріндегі жетекші онлайн жұмыс іздеу платформасы HeadHunter мәліметінше, 2022 жылдың бірінші жартыжылдығында жұмыс берушілерден 180 мыңнан астам бос жұмыс орны жарияланған.
Ең көп сұранысқа ие мамандар рейтингінің жоғарғы қатарын мыналар иеленді:
сату және тұтынушыларға қызмет көрсету менеджерлері;
сатушылар;
бухгалтерлер;
веб-инженерлер;
логистиктер.
Кейінгі орындарды сақтандыру агенттері, аспаздар, кітапханашылар, шикізат мамандары мен заңгерлер иемденді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript