Жаңалықтар тізбегі
0

Лимузиндерге көлік салығы қалай есептеледі

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті, салық, лимузин, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.06.2022 13:52 Сурет: pixabay
Лимузиндер бойынша көлік құралдарына салық қай ставкамен есептеледі және қандай жағдайда өсімпұл есептелмейді? Бұл сұраққа ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті мамандары жауап берді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Салық заңнамасына сәйкес лимузиндерге қозғалтқыштың көлеміне байланысты салық салынады. Есептеу кезінде айлық есептік көрсеткіш қолданылады. Сондай-ақ, көлік салығының ставкасы бастапқы мемлекеттік тіркеуден өткен және ел аумағына әкелінген күніне байланысты.ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті

2013 жылғы 31 желтоқсанға дейін бастапқы мемлекеттік тіркеуден өткен немесе Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген қозғалтқыш көлемі 3000 текше сантиметрден асатын лимузиндерге мына ставкалармен салық салынады:

  • 3 000-нан жоғары 4 000-ға дейін қоса алғанда – 15 АЕК (45 945 теңге);

  • 4 000-нан жоғары – 117 АЕК (358 371 теңге).

2013 жылғы 31 желтоқсаннан кейін Қазақстан Республикасында өндірілген (дайындалған немесе жиналған) немесе 2013 жылғы 31 желтоқсаннан кейін Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген қозғалтқыш көлемі 3000 текше сантиметрден асатын лимузиндерге мына ставкалармен салық салынады:

  • 3 000-нан жоғары 3 200-ді қоса алғанда – 35 АЕК (107 205 теңге);

  • 3 200-ден жоғары 3 500-ді қоса алғанда – 46 АЕК (140 898 теңге);

  • 3 500-ден жоғары 4 000-ды қоса алғанда – 66 АЕК (202 158 теңге);

  • 4 000-нан жоғары 5 000-ды қоса алғанда – 130 АЕК (398 190 теңге);

  • 5 000-нан жоғары – 200 АЕК (612 600 теңге).

Комитет өкілдерінің айтуынша, лимузиндер бойынша көлік құралдарына салықты есептеу көлік құралдарын есепке алуды және тіркеуді жүзеге асыратын уәкілетті органдар ұсынатын мәліметтер негізінде іске асырылады.

Бұл норма 2011 жылдан бастап қолданылады.

Бұл ретте салықты қате есептеген жағдайда салық органы талап қою мерзімі (үш жыл) шегінде есептелген салық сомасын қайта қарауға құқылы.ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті

Сонымен қатар салық заңнамасына сәйкес, салық органы жеке тұлғалардан көлік құралдары салығының есептелген сомаларын қайта қараған кезде тиісті салық кезеңі үшін салық төлеу мерзімі басталғаннан кейін өсімпұл есептеу жүргізілмейді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: