Алматының Түрксіб және Медеу ауданынан 10 стихиялық қоқыс орны анықталды
Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев
Алматыда стихиялы қоқыс үйінділерін спутниктің көмегімен анықтайды. Жыл басынан бері геопортал арқылы Түрксіб және Медеу аудандарында 10 стихиялық қоқыс орны бар екені белгілі болды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жергілікті әкімдіктер аумақты тазалау жұмыстарын бастады, – деп хабарлады Алматы әкімдігі.
Қазіргі технологиялар қоқыс пен олардың жинақталған орындарын табуға көмектесе алады. Алматыда ғарыштық мониторинг көмегімен стихиялы қоқыс үйінділерін жою жүріп жатыр. Оның нәтижесін арнайы геосервис бақылайды. Бұл қоқыс үйіндісінің түрін, күнін және орнын анықтауға мүмкіндік береді.
Әдетте қоқыс үйінділері бос жерлерде, қоршалмаған жеке жерлерде пайда болады. Сонымен қатар қоқыс үйіндісі қалаға қосылған елді мекендерде, Алматы облысымен шекаралас учаскелерде жиі кездеседі.
Егер стихиялы қоқыс орнын тапсаңыз, онда Алматының экология және қоршаған орта басқармасына хабарласуыңызды сұраймыз. WhatsApp: 8707 912 16 26, – делінген Алматы әкімдігінің хабарламасында.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript