Жаңалықтар тізбегі
0

Астанада жыл басынан бері 41 мың тоннадан астам қоқыс жойылды

Стихиялық қоқыс үйіндісі, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.06.2023 18:32 Сурет: gov.kz
Елордада стихиялық қоқыс үйінділерін жою жұмысы тұрақты негізде жүріп жатыр. Жыл басынан бері қаланың бес ауданында 41 мың тоннадан астам қоқыс жиналып, полигондарға шығарылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қала әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, елорданың әрбір ауданында рұқсат етілмеген қоқыс үйінділері пайда болмас үшін күнделікті мониторинг жүргізіледі, сол сияқты жергілікті орындарда оларды жою бойынша жедел жұмыс жүргізіледі. Оған 100-ге жуық арнайы техника жұмылдырылған. Жыл басынан бері қала бойынша 74 стихиялық полигон анықталды, олардың басым бөлігі жойылды.


Байқоңыр ауданы, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.06.2023 18:32

Сурет: gov.kz


Байқоңыр ауданында мониторинг арқылы 8 мекенжай бойынша рұқсат етілмеген 9 орын анықталды. Олардың сегізі жойылды, біреуі жою бойынша жұмыс жалғасуда. Қоқыстар "Северная Гряда" мен "Эко-Полигон" құрылыс қалдықтары полигондарына шығарылды.


Стихиялық қоқыс үйіндісі, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.06.2023 18:32

Сурет: gov.kz


Алматы ауданында 9 учаскеде анықталған 39 орынның 25-і жойылды. Аумақты бақылау үшін 4 мекенжай бойынша бейнебақылау камералары орнатылады:

  1. Ж.Нәжімеденов көшесі, 39;
  2. Ш.Қалдаяқов көшесі, 58;
  3. Ж.Нәжімеденов көшесі, 62;
  4. Ж.Нәжімеденов - А.Байтұрсынов көшелерінің арасындағы аумақ.


Есіл және Нұра аудандарында "Нұрлы жол" вокзалына қарай Ұлы Дала даңғылындағы қоқыстарды жою жұмысы жүріп жатыр. Бұл орындағы жұмыстың 80%-ға жуығы, "Жетісу" ТК ауданында – 20%-ға жуығы, "Заречный" елдімекені аумағындағы "Бақыт Премиум" ТК ауданында-100%, сол сияқты "Пригородный" елді мекенінде – 100%, Қабанбай батыр даңғылынан әуежайға қарай – 100%, "Талисман" ТК ауданында – 100% орындалды.


Стихиялық қоқыс үйіндісі, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.06.2023 18:32

Сурет: gov.kz


Биыл қаланың цифрландыру және мемлекеттік қызметтер басқармасымен бірлесіп, рұқсат етілмеген қоқыс үйінділері жиналатын орындарда тәулік бойы мониторинг жүргізу үшін жалпы бейнебақылау бейнекамераларын орнату жоспарланып отыр.

Қазіргі уақытта Сарыарқа ауданында 16 орын бойынша 14 мың тоннадан астам қоқыс жойылды.


Стихиялық қоқыс үйіндісі, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.06.2023 18:32

Сурет: gov.kz


Күн сайын экологиялық полициямен бірлесіп мониторинг жүргізіледі. Сонымен қатар, бұл мәселеде тұрғындар, әлеуметтік желілердегі сұраныстар мен "Ғарыш Сапары" суреттері септігін тигізеді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: