2030 жылға дейін Алматы агломерациясының халқы 4,5 млн адам болады
Сурет: Zakon.kz
Алматы әкімдігі кейінгі бірнеше жылда қаланың бас жоспарына түзетулер енгізілгенін мәлімдеді. Түзету 2002 жылы бекітілген бас жоспар негізінде жүргізілген, деп хабарлайды Zakon.kz.
Алматыда жаңа бас жоспар әзірленіп жатыр. Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаев XVIІ қала құрылысы форумында мәлімдеді.
20 жылда қаланың өзі ғана емес, экономиканың құрылымы, Алматы облысы, тіпті жаңа шекаралардың да өзгергені түсінікті. Көкжиек өзгеріп жатыр. Біз қаланы және оның дамуын сонша жыл бұрынғы жоспармен көрсете алмаймыз, – деді қала әкімі.
Болжам бойынша, 2030 жылға дейін Алматы агломерациясының халқы шамамен 4,5 млн адам болады. Осыны және урбанизациялауды жедел дамыту жөніндегі болжамдарды ескере отырып, жаңа бас жоспар әзірленіп жатыр. Ол 2040 жылға дейін есептелген. Әзірлеуді жыл соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript