Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстанның бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Ауа райы болжамы, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.06.2022 19:56 Сурет: unsplash
21 маусымда Қазақстанның бірқатар облысында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қазгидромет" РМК синоптиктері еліміздің бірнеше облысында қатты жаңбыр жауып, бұршақ түседі, найзағай ойнайды деп болжайды.

Күндіз Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде жаңбыр жауады, облыстың оңтүстік-батысында нөсер жаңбыр жауады. Облыстың солтүстігінде, батысында, шығысында найзағай ойнап, бұршақ түседі, дауыл тұрады. Облыстың солтүстігінде, шығысында түнде оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с, күндіз - 15-20 м/с, кей жерде соққан желдің екпіні 23-28 м/с жетеді.

Петропавлда найзағай ойнайды. Күндіз бұршақ түсуі, дауыл тұруы ықтимал.

Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды.

Қарағанды қаласында оңтүстік-батыстан жел соғады, күндізгі екпіні - 15-20 м/с. Жезқазғанда күндіз батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай жарқылдап, бұршақ түседі, дауыл тұрады. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді.

Оралда түнде найзағай ойнап, бұршақ түседі, дауыл тұрады.

Күндіз Ақмола облысының басым бөлігінде жаңбыр жауады, өңірдің батысы мен солтүстігінде нөсер жаңбыр жауады. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай ойнап, бұршақ түседі, дауыл тұрады. Күндіз облыстың батысы мен оңтүстігінде шаңды дауыл тұрады. Оңтүстік-батыстан, батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, күндіз - 15-20 м/с, кей жерде 23-28 м/с жетеді.

Нұр-Сұлтанда найзағай ойнайды. Күндіз бұршақ түсіп, шаңды дауыл тұрады. Оңтүстік-батыстан, батыстан таңертең және күндіз жел соғады, екпіні 15-20 м/с, кей жерлерде 23 м/с жетеді.

Күндіз Алматы облысының оңтүстігінде және таулы аудандарында қатты жаңбыр жауады. Облыстың оңтүстігінде және таулы аймақтарында найзағай ойнайды. Облыстың оңтүстігінде, шығысында және таулы аудандарында оңтүстік-батыстан екпіні 17-22 м/с жел соғады.

Қызылорда облысында солтүстік-батыстан таңертең және күндіз облыстың орталығы мен солтүстігінде жел секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғады, облыстың басым бөлігінде және Қызылордада төтенше өрт қаупі сақталады.

Күндіз Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, батысында найзағай ойнап, дауыл тұрады деп күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында оңтүстік-батысқа ойыса оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, күндіз 23 м/с құрайды, күндіз солтүстік-батыста, облыстың оңтүстігінде қатты ыстық болады: +36°C. Облыстың батысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Өскеменде күндіз найзағай ойнайды. Күндіз оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.

Семейде күндіз найзағай ойнайды, +36°C дейін қатты ыстық сақталады, оңтүстік-шығыстан жел соғады.

Күндіз Атырау облысының батысында, шығысында және орталығында батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді.

Атырауда күндіз батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-18 м/с құрайды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: