Қазақстанның үш өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Ауа райы болжамы, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.02.2022 20:52 Сурет: pixabay
23 ақпанда Қазақстанның үш облысында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Zakon.kz "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасай отырып.

Синоптиктер түнде шығыста, күндіз Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде бұрқасын, көктайғақ болады деп болжайды. Өңірдің оңтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз солтүстіктен, батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.

Петропавлда күндіз боран соғып, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде тұман түседі.

Оралда түнде және таңертең тұман түседі.

Ақтөбе облысының солтүстігінде, оңтүстік-шығысында және орталығында тұман түседі.

Ақтөбеде түнде және таңертең тұман болады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: