Павлодар маңында ауыл тұрғындары еліктің төлін аман алып қалды

Еліктің төлін құтқарды, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.06.2022 09:49 Сурет: pixabay
Зардап шеккен жануар ветеринарларға сараптамаға тапсырылды. Кейінірек еліктер шаңғы базасына ауыстырылады, бастысы қазір аңдар сауығып, күш жинауы қажет, деп хабарлайды Zakon.kz.

Павлодар іргесіндегі ауылдың тұрғындары жараланған еліктің төлін тауып алып, орман шаруашылығына тапсырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан .

Павлодар орман және жануарлар дүниесін қорғау мекемесінің басшысы Аждар Жүсіповтың айтуынша, жануардың артқы аяғы жарақаттанған.

Ауыл тұрғындары еліктерге алғашқы медициналық көмек көрсетіп, орманшыға хабарлаған. Жануар орман шаруашылығына жеткізілді. Аждар Жүсіпов

Басшы еліктерді ветеринарлық емхана дәрігерлеріне көрсетіп, кейін Ленин кентіндегі шаңғы базасына беретінін айтты. Онда жануарлар мен құстар сауығып, күш-қуат алатын санаторий жабдықталған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: