Қатты жаңбыр: 22-24 маусым күндері Алматыда ауа райы қандай болады

Қатты жаңбыр: 22-24 маусым күндері Алматыда ауа райы қандай болады, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.06.2022 15:50 Сурет: primeminister.kz
Синоптиктер Алматыда 22-24 маусым аралығында қандай ауа райы болатынын болжады. Оңтүстік Астанада қатты жаңбыр жауып, найзағай ойнап, жел күшейеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қазгидромет" РМК деректері бойынша, Алматыда:

  • 22 маусымда көшпелі бұлт шығады, күндіз жаңбыр жауады, күн күркірейді. Оңтүстік-батыстан 3-8 м/с жел соғады. Күн күркіреген кезде екпіні 13 м/с жетеді, ауа температурасы түнде 17-19, күндіз 29-31 градус жылы болады;

  • 23 маусым-көшпелі бұлт шығады, жаңбыр жауады. Күндіз найзағай ойнап, бұршақ жауады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 13 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде 18-20, күндіз 30-32 градус жылы болады;

  • 24 маусымда көшпелі бұлт шығады, жаңбыр жауады. Түнде найзағай ойнап, бұршақ жауады. Оңтүстік-батыстан 3-8 м/с жел соғады, күн күркіреген кезде екпіні 13 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде 20-22, күндіз 30-32 градус жылы болады.

Бұған дейін синоптиктер Қазақстан бойынша 21-23 маусымға арналған ауа райы болжамын ұсынған еді. Елде қатты жаңбыр, найзағай болады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: