Синоптиктер 24-26 маусым күндері Нұр-Сұлтан мен Алматыда қандай ауа райы болатынын айтты

бұлт, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.06.2022 18:54 Сурет: unsplash
Синоптиктер алдағы үш күнге Нұр-Сұлтан мен Алматыға арналған ауа райы болжамын ұсынды. «Қазгидромет» РМК мәліметінше, 24-26 маусым аралығында екі қалада жаңбыр жауып, найзағай ойнап, жел күшейеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Нұр-Сұлтандағы ауа райы болжамы:

24 маусымда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Батыстан соғатын жел екпіні 7-12 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде +17...+19°C, күндіз +32...+34°C;

25 маусым көшпелі бұлтты. Күндіз өткінші жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан 9-14 м/с жел соғады, күндіз екпіні 18 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде +20...+22°C, күндіз +33...+35°C;

26 маусым көшпелі бұлт шығады, өткінші жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан 9-14 м/с жел соғады, түнде екпіні 18 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде +20...+22°C, күндіз +30...+32°C.

Алматыдағы ауа райы болжамы:

24 маусымда көшпелі бұлт шығады, өткінші жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан 3-8 м/с жел соғады, найзағайдың екпіні 13 м/с. Ауа температурасы түнде +18...+20°C, күндіз +28...+30°C;

25 маусым көшпелі бұлтты. Күндіз өткінші жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 3-8 м/с, күндіз найзағай кезінде екпіні 13 м/с. Ауа температурасы түнде +20...+22°C, күндіз +31...+33°C;

26 маусым көшпелі бұлт шығады, өткінші жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан 3-8 м/с жел соғады, найзағайдың екпіні 13 м/с. Ауа температурасы түнде +20...+22°C, күндіз +35...+37°C.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: