24-26 қыркүйекте Астана, Алматы, Шымкент қалаларында ауа райы қандай болады

Ауа райы болжамы, Алматы, Шымкент, Астана, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.09.2022 16:16 Сурет: unsplash
Синоптикер еліміздегі ең ірі үш қаладағы алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын ұсынды. "Қазгидромет" РМК мәліметінше, 24-26 қыркүйек аралығында үш қалада күн райы жылы болады, дегенмен 26 қыркүйекте Астана мен Шымкентте жаңбыр жауады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Астана қаласының ауа райы болжамы

  • 24 қыркүйек: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысатын желдің күші 2-7 м/с болады. Ауа температурасы түнде +10...+12°C, күндіз +29...+31°C.

  • 25 қыркүйек: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан 3-8 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +13...+15°C, күндіз +28...+30°C.

  • 26 қыркүйек: көшпелі бұлтты, күндіз жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Күндіз желдің екпіні 15-20 м/с болады. Ауа температурасы түнде +13...+15°C, күндіз +18...+20°C.

Алматы қаласының ауа райы болжамы

  • 24 қыркүйек: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Желдің күші 2-7 м/с болады. Ауа температурасы түнде +15...+17°C, күндіз +28...+30°C.

  • 25 қыркүйек: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +15...+17°C, күндіз +28...+30°C.

  • 26 қыркүйек: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +15...+17°C, күндіз +28...+30°C.

Шымкент қаласының ауа райы болжамы

  • 24 қыркүйек: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан күші 3-8 м/с болатын жел соғады. Ауа температурасы түнде +15...+17°C, күндіз +32...+34°C.

  • 25 қыркүйек: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан 8-13 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +16...+18°C, күндіз +32...+34°C.

  • 26 қыркүйек: көшпелі бұлтты, күндіз жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с болады Ауа температурасы түнде +16...+18, күндіз +25...+27°C.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: