Бір жылда күнбағыс майының бағасы 16,3% өсті
Сурет: primeminister.kz
Қазақстандағы күнбағыс майының орташа бағасы – 808 теңге. Бұл туралы мәліметті ҚР СЖРА Ұлттық статистика бюросы таратты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Статбюро келтірген мәлімет бойынша, мамырда өңірлер бөлінісінде 1 литр күнбағыс майына ең төменгі баға Семей қаласында – 714 тг, жоғары баға Атырау қаласында (859 тг) тіркелді.
Бір жыл ішінде күнбағыс майының бағасы 16,3% қымбаттады.
2022 жылғы қаңтар-мамыр аралығында 65 927 тонна тазартылған күнбағыс майы өндірілді, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда бұл көрсеткіш 6%-ға аз.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript