Қазақстан халқы балық пен теңіз өнімдерін аз тұтынатын болған
Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев
2020 жылмен салыстырғанда былтыр қант және кондитер өнімдерінен басқа азық-түлік өнімдерінің негізгі топтары бойынша тұтыну көрсеткішінің төмендеуі байқалды. Ұлттық статистика бюросы
Азық-түлік өнімдерінің негізгі топтары бойынша тұтыну
(халықтың орташа жан басына шаққанда, кг)
Маңызы бар азық-түлік өнімдері топтарының ішінде тұтыну көрсеткіші сүт және сүт өнімдеріне 6,3%, нан және жарма өнімдеріне 4,7%, ет және ет өнімдеріне 1,7% төмендеген.
Қала және ауыл халқының азық-түлік өнімдерінің негізгі топтарын тұтыну көрсеткішін салыстырғанда ең жоғары айырмашылық жұмыртқа, нан және жарма өнімдері, сондай-ақ жемістерді тұтыну бойынша байқалады.
Қалалық және ауылдық жерлерде азық-түлік өнімдерін тұтынуы
(халықтың орташа жан басына шаққанда, есе)
Ең аз және ең көп тұтынылатын тамақ өнімдерінің негізгі топтарын жан басына шаққандағы тұтынудың аймақтық аспектісін ескере отырып, келесі жетекші аймақтарды атап өтуге болады:
Азық-түлік өнімдерін тұтыну бойынша деректер тұрмыс деңгейі бойынша 12 000 үй шаруашылығын іріктеп зерттеу нәтижелері бойынша есептелген.
Орташа жан басына шаққандағы негізгі тамақ өнімдерін тұтыну – қарастырылып отырған кезең ішінде үй шаруашылығының бір мүшесінің тұтынған тамақ өнімдерінің (әрбір өнімнің түрі бойынша бөлек) орташа саны. Ол азық-түлік тауарларының жекелеген түрлерін тұтыну көлемін үй шаруашылығының бар мүшелерінің санына бөлу жолымен есептеледі. Ірілендірілген топтар бойынша тұтыну компоненттерді бастапқы өнімге қайта санауды ескере отырып есептеледі.

