Жаңалықтар тізбегі
0

Ішкі істер министрлігі үш жаңа облысқа қандай көлік нөмірлері берілетінін айтты

Абай облысы, Жетісу облысы, Ұлытау облысы, көлік коды, көлік нөмірі, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.06.2022 13:59 Сурет: Zakon.kz
ҚР Ішкі істер министрлігі үш жаңа облыстың: Абай, Ұлытау және Жетісудың тұрғындарына қандай көлік кодтары берілетінін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ведомство Қазақстанда көлік құралын тіркеу өңірін сәйкестендіру үшін тиісті цифрлық белгі (қазір – 1-ден 17-ге дейін) қолданылатынын атап өтті.

Мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілеріндегі өңірлердің цифрлық белгісі өңірдің атауына қарай мемлекеттік тілде әліпбилік тәртіппен беріледі.

Осыған байланысты, жаңадан пайда болған Абай, Жетісу және Ұлытау облыстарына мемлекеттік нөмірлер өңірлерінің кодтарын цифрлық белгілеуді мынадай тәртіппен беру ұсынылады: Абай облысы – 18, Жетісу облысы – 19, Ұлытау облысы – 20, – деп жауап берді ІІМ редакция сұрауына.

Сонымен қатар мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерінде өңірлердің жаңа цифрлық белгілерін енгізу кезінде жаңа облыстардың тұрғындарына көлік құралдарындағы бұрынғы мемлекеттік нөмірлерді ауыстыру талап етілмейді.

Еске салсақ, 2022 жылғы 4 мамырда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев үш жаңа облыс – Абай, Жетісу және Ұлытау облыстарын құру туралы жарлыққа қол қойды. 8 маусымда ол күшіне енді.

Қазір Қазақстанда 17 облыс және республикалық маңызы бар үш қала бар.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: