Ақтөбеде тұрғынға күш көрсетіп, онлайн несие рәсімдеткізіп алған күдікті ұсталды
Сурет: ҚР ІІМ баспасөз қызметі
Мамыр айының соңында көшеде жәбірленушіге белгісіз адамдар күш көрсетіп, оны телефонмен екі млн теңгеге жуық сомаға онлайн кредит рәсімдеуге мәжбүрлеген, деп хабарлайды Zakon.kz.
Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 191-бабы 2-бөлігі (Тонау) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.
Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында 20 жастағы күдікті анықталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Өзге мәліметтер тергеу мүддесінде жария етілмейді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript