Оңтүстік Кореяда маймыл шешегінің алғашқы жағдайы расталды

маймыл шешегі ауруы , сурет - Zakon.kz жаңалық 22.06.2022 17:03 Сурет: pixabay
Оңтүстік Корея дәрігерлері маймыл шешегінің алғашқы жағдайын растады. Вирус 21 маусымда Германиядан келген корей азаматынан табылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жолаушы Инчхон халықаралық әуежайына келіп, мамандарға жүгінген.

Науқас келуге үш күн қалғанда бас ауруы, тері зақымдануы және басқа белгілерді сезіне бастағанын атап өтті. Бұл туралы Кореяның ауруларды бақылау және алдын алу агенттігі хабарлады.

Маймыл шешек сынамасы оң болды. Науқас медициналық орталыққа жеткізіліп, карантинге жатқызылды.

Мамандар эпидемиологиялық тексеру жұмыстарын бастады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: