Жаңалықтар тізбегі
0

Тоқаев: Біздің ортақ парызымыз – Тұңғыш Президенттің тарихи рөлін құрметтеу

президент елбасы туралы айтты, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.06.2022 15:39 Сурет: akorda.kz
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев әсіресе қазір қоғамда пікірталастар мен даулар болып жатқан кезде саяси әділеттілікті ұмытпау керектігін еске салды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы Мемлекет басшысы Қазақстан полициясының 30 жылдығына арналған салтанатты шарада айтты, деп хабарлайды Ақорда сайты.

Өз елінің қоғамдық-саяси қайраткерлерінің, ғалымдары мен өнер қайраткерлерінің еңбегін төмендететін қоғамның болашағы жоқ. Бұл Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа қатысты даусыз шындық. Оның Тәуелсіз мемлекетіміздің құрылуына қосқан үлесін бүкіл әлем жұртшылығы мойындайды. Сондықтан Тұңғыш Президенттің тарихи рөліне құрметпен қарау – сіздермен ортақ парызымыз. Оның саяси мұрасына қазақстандықтардың болашақ ұрпағы әділ бағасын бере алады. Қасым-Жомарт Тоқаев

Президенттің айтуынша, «қазіргі жастар өз Отанының игілігі үшін еңбек етуі керек».

Ең алдымен еңбекқор болуымыз керек. Түрлі саяси ойындарды тоқтату керек. Өткенге үңілмей, жарқын болашаққа сеніммен қадам басуға тиіспіз. Қасым-Жомарт Тоқаев

Бұған дейін Мемлекет басшысы мемлекеттік қызметкерлерді кәсіби мерекелерімен құттықтаған болатын.

Еске салайық, Қазақстанда 23 маусым Мемлекеттік қызметші күні ретінде тойланады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: