Биыл 4 000 қазақстандық қажылыққа барады

қажылыққа аттанады, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.06.2022 14:35 Сурет: Zakon.kz
Биыл Қазақстаннан 4 000 адам қажылыққа барады. Оның алғашқы легі Сауд Арабиясына 28 маусымда аттанбақ, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қасиетті мекенге сапарлаушылар саны биыл 1 000-ға көбейді. Десе де әдетте жыл сайын 2-3 миллион адам шақыратын Сауд Арабиясы биыл 1 миллионнан астам адам қабылдамақ, деп жазады qazaqstan.tv.

Парызын өтеушілердің жасы 65-тен аспауы тиіс. Яғни 1957 жылы 1 шілдеден кейін дүниеге келгендердің баруына мүмкіндігі бар.

Жолаушылар ковид тестілеуінің «теріс» нәтижесін көрсетуге міндетті. Бұдан бөлек, менингококк инфекциясына қарсы екпе салдыруы тиіс.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: