Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстанда өндіріс орнында қайтыс болғандар саны азайды

Ұлттық статистика бюросы, өндіріс орнындағы жарақат, өндіріс Сурет: primerminister.kz
Еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғалар кезінде зардап шеккендер саны өткен жылы 2 133 адам болды, оның 389-ы (18,2%) – әйелдер. Бұл мәліметті Ұлттық статистика бюросы келтірді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Зардап шеккендердің жалпы санынан қаза тапқандар саны 176 адамды құрады, бұл 2020 жылға қарағанда 27 адамға кем.Ұлттық статистика бюросы

Жарақаттанудың ең жоғары көрсеткіші Қарағанды облысына тиесілі. 2021 жылы онда 537 жағдай тіркелді, бұл жалпы жағдайлардың 25,2%-на тең.

Екінші орында – Шығыс Қазақстан облысы, онда өндірісте 320 адам жарақат алды (жалпы санының 15%).

Топтық жазатайым оқиғаларда 240 адам, кәсіби аурулардың болу салдарынан – 351 адам, 47 адам уланудан зардап шекті. Сондай-ақ мас күйінде 24 адам, есірткі әсерінде болған 8 адам қызметте жарақат алған. Психикалық ауытқулар салдарынан өндірісте 9 адам жарақат алған.

Статистиктердің мәлімдеуінше, өңдеу өнеркәсібі жарақат алу қаупі жоғары сала болып отыр, өткен жылғы жазатайым оқиғалардың 26,8%-ы осы салада тіркелді.

Екінші орында – тау-кен өндіру өнеркәсібі, онда зардап шеккендердің 20,8%-ы жұмыс істеген.

Жазатайым оқиғалар саны ең аз сала – ауыл, орман және балық шаруашылығы, жарақат алғандардың үлесі – 2,9%-ы.

Зардап шеккендердің ауыр дәрежеде жарақат алғандар үлесі – 44,6%, орташа дәрежеде – 13%, жеңіл дәрежеде 32,5% болды. Зардап шеккендердің 9,9%-ы қайтыс болды.

Өткен жылы ең көп таралған кәсіби аурулар: дорсальгия – спецификалық емес арқадағы ауырсыну (200 адам); радикулопатия – неврологиялық синдром (196 адам) және дірілдің және басқа да сыртқы себептердің әсері (146 адам). Ұлттық статистика бюросы
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: