Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстанда жұмыс орнында қайтыс болғандар саны артты

Жұмысшылар өндіріс орнында қаза тапты, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.02.2023 16:38 Сурет: pixabay
ҚР ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің төрағасы Нығмеджан Мақажанов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте өндірістегі жазатайым оқиғалар санының артқанын мәлімдеді. Соның салдарынан өндірісте жарақат алу мен өлім-жітім деңгейі де артып келеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Нығмеджан Мақажанов тау-кен-металлургия, мұнай-газ, мұнай-химия және химия өнеркәсібіндегі өнеркәсіптік нысандар әлеуетті қауіп көзі болып табылатынын айтты.

"Қазіргі таңда өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында 10 мыңға жуық өнеркәсіптік кәсіпорын қадағалауда болса, оның ішінде 200 мыңнан астам қауіпті өндірістік нысандар бар. 2022 жылдың аяғында 28 ЖКО тіркелді (2021 ж. – 20 ЖКО, өсім 40%), нәтижесінде 32 адам зардап шекті (19, өсім 68%), оның ішінде 15 адам қайтыс болды (10, 50%-ға өсті". Нығмеджан Мақажанов

Сондай апаттардың бірі, деп еске алды спикер, өткен жылдың қараша айында «АрселорМиттал Теміртау» АҚ Ленин атындағы шахтада орын алып, салдарынан 5 адам қаза тауып, тағы төрт адам ауруханаға жеткізілді.

2021 жылдың қараша айында осындай апат «АрселорМиттал Теміртау» АҚ Абай кенішінде орын алып, 9 адам зардап шекті, оның ішінде 6 адам қаза тапты.

"Талдау көрсеткендей, жазатайым оқиғалар мен оқыс оқиғалардың негізгі себептері өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының бұзылуы, жұмыс істеп тұрған жабдықтың жоғары моральдық және физикалық тозуы, жұмысшылардың өндірістік және еңбек тәртібінің төмендігі болып табылады". Нығмеджан Мақажанов

Баяндамашы адамдардың өмірі мен денсаулығына зиян келтіру қаупін тудыратын өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын өрескел бұзғаны үшін 733 қауіпті өндірістік нысанның жұмысы тоқтатылғанын атап өтті.

2022 жылдың 8 желтоқсанында АрселорМиттал Теміртауда тағы бір жұмысшы қайтыс болды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: