Жаңалықтар тізбегі
0

Ұлытау облысында негізгі капиталға инвестиция салу көлемі артты

Ұлытау облысы, инвестиция, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.11.2023 14:30 Сурет: Орталық коммуникациялар қызметі
Ұлытау облысының әкімі Берік Әбдіғалиұлы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте өңірде негізгі капиталға инвестиция салу көлемі артқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Өңір басшысы жартыжылдық есебінде экономиканы әртараптандыру бағыттарының бірі инвестициялық қызмет екенін айта келе, облыста негізгі капиталға инвестиция салу 1,3 есеге өсіп, шамамен 153 млрд теңге болғанын атап өтті.

"Қуаттылығы жылына 20 млн дана кірпіш шығаратын кірпіш зауыты іске қосылды, бұл облыстың әкелінетін құрылыс өніміне тәуелділігін 20%-ға төмендетуге мүмкіндік береді", – дейді облыс әкімі Берік Әбдіғалиұлы.

Оның айтуынша, облыста жалпы инвестиция көлемі 10 млрд теңгеден асатын 3 нысанды іске асыру жалғасуда: тазартылмаған мыс концентраттарын гидрометаллургиялық қайта өңдеу тәжірибелік зауытының құрылысы, өнеркәсіптік реагенттер шығаратын химия зауытының құрылысы, "Жаман-Айбат" кен орны негізіндегі ЖМЗ мыс өндіру зауытын газдандыру арқылы жаңғырту.

"2027 жылға дейін 2000 жаңа жұмыс орнын құрумен 760 млрд теңге сомасына 15 инвестициялық жобадан тұратын пул қалыптастырылды".Берік Әбдіғалиұлы

Әкімнің сөзінше, өңір жер қойнауын пайдалануға байланысты дәстүрлі қызмет түрлері бойынша ғана емес, сонымен қатар агроөнеркәсіптік қызмет саласында және басқа да бірқатар электр энергиясының жаңартылатын көздерін дамыту сияқты жаңа жобалармен тартымды болып отыр. Мәселен, өңір аумағында алдағы 2-3 жылда жел электр станциялары мұнараларының металл конструкцияларын шығаратын зауыт салынады. Бұл аймақты энергияның осы түрімен өзін-өзі қамтамасыз етеді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: