Мемлекет басшысы Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедовпен кездесті

Екі елдің президенті кездесті, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.06.2022 15:50 Сурет: akorda.kz
Қазақстан Президенті, ең алдымен, түрікмен жеріндегі дәстүрлі қонақжайлығы үшін ризашылығын білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл – Сердар Бердімұхамедов Президент болып сайланғаннан кейінгі екі ел басшыларының алғашқы бетпе-бет кездесуі. Осыған орай Мемлекет басшысы Түрікменстанның жаңа Президентін сайлаудағы жеңісімен құттықтады.

Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін Ашхабадта өтетін Алтыншы Каспий саммитіне ерекше мән беретінін жеткізді. Қазақстан Президенті саммиттің нәтижесі Каспий маңы мемлекеттерінің достық пен тату көршілік байланыстарын одан әрі нығайтуға елеулі үлес қосып, өзара тиімді ынтымақтастықтың көкжиегін кеңейтетініне сенім білдірді.

Сердар Бердімұхамедов Қасым-Жомарт Тоқаевқа шақыруын қабыл алғаны үшін ризашылығын білдіріп, осы саммитке қатысты ойын айтты. Түрікменстан Президенті бәрімізге ортақ Каспийдің игілігі үшін бүгін келелі басқосу болатынын жеткізді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: