Қасым-Жомарт Тоқаев: Әлем түбегейлі өзгерістерге ұшырады
Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы, Түрікменстагнда өтіп жатқан саммитте бұрын-соңды болмаған «жаһандық үрдіс» жағдайында Каспий теңізінің геостратегиялық орналасуымен, ең бай табиғи ресурстарының болуымен, сондай-ақ бірегей транзиттік әлеуетімен ерекше маңыздылығы артып келе жатқаның айтты, деп хабарлайды
Еске сала кетейік, Ақтаудағы тарихи саммиттен бері төрт жыл өтті. Ол саммит бүкіл әлем қауымдастығына Каспий маңы мемлекеттерінің ең күрделі мәселелерді тек бейбіт жолмен, тату көршілік пен достық рухында шешуге қабілетті екенін паш етті.
Түрікменстанда өтіп жатқан алтыншы Каспий Саммитінде сөз алған мемлекет басшысы Ақтауда өткен алқалы жиынның дәлелі – бесжақты өзара іс-қимылды жан-жақты тереңдету үшін берік құқықтық негіз қалаған Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы конвенцияға ұзақ жылғы келіссөздерден кейін қол қойылуын алға тартты.
Каспий – пайдалы ресурстардың үлкен шоғырлануы ғана емес, сонымен қатар «шексіз мүмкіндіктер теңізі. Сондықтан Каспий маңы елдерінің әлеуетін толық пайдалану үшін ынтымақтастықты одан әрі дамытудың перспективалы тәсілдері туралы өз көзқарасымызды ұсынуға рұқсат етіңіздер. Қасым-Жомарт Тоқаев, ҚР президенті
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript