Түркістан облысында сатылып кеткен малға да "екпе егілді" деп есеп берілген
Сурет: pixabay
Мұны облыс прокурорлары анықтады. Төрт түлік арасында тарайтын аса жұқпалы ауруларға қарсы екпелер уақытылы салынбаған, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бірақ жалған құжаттар толтырылып отырған. Құзырлы орган өкілдерінің дерегінше, бұлайша белден басу әсіресе Жетісай, Түлкібас және Сайрам аудандарында болған.
Бір ғана Түлкібас ауданының өзінде 9 ауылдық округте тұрғындардың малы дер кезінде тіркеуге алынбағаны анықталды, деп жазады Астана телеарнасы.
Әр мал иесінен 10-20 мал бастарының базаға енгізілмеген фактілері анықталды. Бірақ шын мәнінде оларға қағаз жүзінде вакциянация салынған деген жазбалар жазылған. Бірақ базаға енгізілмеген. Осылар бойынша әрбір ветқызметкерден, ветдәрігерлерден түсініктемелер алынды. Ветеринарлық пункттердің меңгерушілері, оның филиал басшылары тәртіптік жауапкершілікке тартылатын болады. Асылбек Тұршеков, Түркістан облыстық прокуратурасының басқарма аға прокуроры
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript