Жаңалықтар тізбегі
0

Алматыда жігіт танысының телефонын ұрлап, шотынан ақша шешіп алған

электронды шоттарды бұзған, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.07.2022 15:25 Сурет: unsplash
Сотқа дейінгі тергеу барысында күдікті жәберленушінің телефонын ұрлап, банк қосымшасына заңсыз кіріп, ақшаны жымқырғаны анықталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ол гаджет пен ақшаны танысынан ұрлап кеткен. Тағы бір жолы күдікті өтіп бара жатқан адамнан қоңырау шалу үшін телефонын сұрап, мобильді қосымшасын ашып, ақшасын өз есепшотына аударып алған. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында жоғарыда аталған ұрлықтарды жасаған адам ұсталды. Ол 23 жастағы Х.есімді азамат болып шықты. Қазіргі уақытта күдіктінің екі эпизодқа қатысы бар екені дәлелденді. Осы деректер бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігінің 2-тармағына сәйкес қылмыстық іс қозғалды, – дейді Әуезов аудандық Полиция басқармасының бастығы Ұлан Әбілқайыр.

Ұсталған азамат өз кінәсін мойындап, аталған қылмыстарға өзінің қатысы барын растады.

Оған “қамау” түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды.

Ал біз жас жігіттің қалада жасалған осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғын тексеріп жатырмыз. Істің толық және жан-жақты тергеуін қамтамасыз етуге бағытталған бірқатар тергеу әрекеттері жүргізілуде, нәтижесінде қазіргі қылмыстық іс сотқа жолданатын болады, – деді Әбілқайыр.
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: