Нұр-Сұлтан-Уфа рейсі 8 шілдеден бастап ашылады

ұшақ, авиарейс, әуежай, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.07.2022 10:44 Сурет: Zakon.kz
ҚР Сыртқы істер министрлігінің Азаматтық авиация комитеті Башқұртстан Республикасының Көлік және жол шаруашылығы министрлігімен бірлесіп Нұр-Сұлтан мен Уфа қалалары арасында тұрақты жолаушылар рейсін ашу мәселесін пысықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Нұр-Сұлтан мен Уфа қалалары арасында тұрақты жолаушылар рейсі 8 шілдеден бастап ұшырылады.

8 шілдеден бастап ресейлік «Азимут» әуе компаниясы Нұр-Сұлтан - Уфа бағыты бойынша аптасына жұма күндері бір тұрақты жолаушылар рейсін орындай бастайды. Ұшулар RRJ-95 ұшағында орындалады, – деп хабарлады Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Азаматтық авиация комитеті.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: