Алматы-Самарқанд жаңа әуе рейсі ашылады

ҚР ИИДМ баспасөз қызметі, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.06.2021 16:21 ҚР ИИДМ баспасөз қызметі
Қазіргі уақытта екі ел арасында Нұр-Сұлтан - Ташкент, Алматы - Ташкент және Ақтау-Үргенш бағыттарында 24 тұрақты рейс орындалады.

2021 жылғы 8 маусымнан бастап Алматы мен Самарқанд қалалары арасында жаңа халықаралық тұрақты рейстер ашылады, деп хабарлайды zakon.kz.

Рейстерді "Эйр Астана" (3,7 күндері) және "Uzbekistan Airways" (2,6 күндері) әуе компаниялары аптасына 4 рет А-320/321 әуе кемелерімен орындайды.

Жаңа халықаралық бағыттың ашылуы Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы сауда-экономикалық, мәдени және туристік қатынастарды одан әрі дамытуға ықпал етеді.

Рейстер санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып және әуе компанияларының сайттарында жарияланған кестеге сәйкес орындалады.

Сонымен қатар, биыл наурыз айында Қазақстан мен Өзбекстан арасында Ақтау-Үргеніш бағытында жаңа халықаралық рейсі іске қосылды. Ол рейстерді "SCAT" және "Uzbekistan Airways" әуе компаниялары орындайды.

Жалпы қазіргі уақытта екі ел арасында Нұр-Сұлтан - Ташкент, Алматы - Ташкент және Ақтау-Үргенш бағыттарында 24 тұрақты рейс орындалады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: