Новая земля архипелагынан бұрын белгісіз болған құстар тобы табылды
Сурет: unsplash
Арктикалық жүзу университеті экспедициясы-2022-ның мүшелері Северный аралындағы Константин мүйісінен белгісіз құстар колониясын тапты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Архипелагтың солтүстігінде орнитофаунада ауқымды өзгерістер бар деп жазады ТАСС. Бұған дәлел – Константин мүйісіндегі каир мен маевкалардың жаңа колониясы.
Экспедиция қатысушылары Ледяная Гавань шығанағында Архангельск облысының «Қызыл кітабына» енген ұзын құйрықты үйректер санының көбейгенін байқады. Сарапшылардың пікірінше, бұл климаттың өзгеруіне байланысты. Нәтижесінде ұзын құйрықты үйректер архипелаг аймағында жиі қыстай бастады.
Сонымен қатар Мурманец шығанағы жанындағы Гемсерк аралындағы құстар колониясы 2014 жылдан бері айтарлықтай өзгерген жоқ. Мұнда құстардың популяциясы кейінгі рет дәл сол жылы зерттелді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript