Астаналықтардың саны өсті – Статистика бюросы
Сурет: primeminister.kz
1998 жылы Ақмолада 326 мың адам тұрған. Содан бері Нұр-Сұлтан халқының саны төрт есеге жуық өсіп, бүгінде 1 262 000 адам болды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Нұр-Сұлтанда әйелдер саны 24 жыл бұрынғыдай әлі де басым.
Егер ол кезде қалада 174 мың әйел, 152 мың ер адам тұрса, қазір әйелдер саны – 657 мың (52%), ерлер саны – 605 мың (48%).Ұлттық статистика бюросы
Ведомствоның мәліметінше, егер 1998 жылы елордада 3400 бала дүниеге келсе, 2021 жылы 31 мың бала дүниеге келіп, сол арқылы туу көрсеткіші 11-ден 25,9-ға (мың адамға шаққанда) өскен.
1998 жылы қалада 48 жалпы білім беретін мектеп болса, 24 жылдан кейін олардың саны 147-ге өсті. Ал медицина мекемелерінің саны үш есеге, яғни 15-тен 45-ке дейін өсті.Ұлттық статистика бюросы
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript