Қазақстан халқының саны өсті

Қазақстан халқының саны өсті, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.08.2024 16:46 Сурет: Zakon.kz
Қазақстан халқының саны бойынша жаңартылған деректер бүгін, 2024 жылғы 1 тамызда Ұлттық статистика бюросында ұсынылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақпаратқа сүйенсек, 2024 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша халық саны 20 159 707 адамды құрады, оның ішінде:

  • қала тұрғындары – 12 573 637 адам,
  • ауыл тұрғындары – 7 586 070 адам.
"Жарты жылдың ішінде халық саны 125 867 адамға артты, оның ішінде табиғи өсім есебінен 118 579 адамға, көші-қон есебінен 7289 адамға өсті". Ұлттық статистика бюросы

Халық санының ең жоғары өсу қарқыны Астана мен Шымкент қалаларында, тиісінше 2,93% бен 1,38%, сондай-ақ Алматы қаласында тіркелді – 1,33%.

Бұған дейін 1 маусымда Қазақстанда 20 139 914 адам тұрғаны хабарланған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: