Қазақстан халқының санына қатысты соңғы тіркелген деректер жарияланды

Халық саны, Қазақстан, демография, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.06.2024 20:24 Сурет: Алматы қалалық әкімдігі
Ұлттық статистика бюросы бүгін, 2024 жылғы 3 маусымда Қазақстандағы халық саны бойынша жаңартылған деректерді ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Статистикалық деректерден 1 мамырдағы жағдай бойынша Қазақстандағы халық саны 20 118 478 адамды құрайды, оның ішінде:

  • қала тұрғындары - 12 533 471 адам;
  • ауыл тұрғындары - 7 585 007 адам.

Сурет: Ұлттық статистика бюросы

Ұлттық бюроның мәліметінше, жыл басынан бері халықтың жалпы өсімі 84 636 адамды құрады.

Статистикалық мәліметтерге сәйкес, халық көп шоғырланған аймақтың үздік үштігіне мына өңірлер енеді:

  • Алматы – 2 249 370 адам,
  • Түркістан облысы – 2 147 234 адам,
  • Алматы облысы - 1 540 567 адам.

Айта кетсек, ҚР Ұлттық статистика бюросы 2024 жылғы 3 маусымда 2023 жылғы еліміздегі еңбек бойынша негізгі көрсеткіштерді атады. Сондай-ақ, сарапшылар есебінде еліміздің әр өңіріндегі жалақыларға қатысты мәліметтер де бар.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: